Шығыс Қазақстанда «Мәдени мұра» жобасы аясында жүзеге асырылған жұмыстар қорытындыланды

24.12.2018 07:10

Достық үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы қорытындыланды.

Биыл қоғамдық келісім орталығында 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған 75 мыңнан аса адам қатысты.

Сонымен қатар мәдени мұраларымыз бен халық фольклорын қайта жаңғыртуға арналған 3 экспедиция тобы құрылды. Атап айтқанда, көне аңыз-әпсана, жыр-дастан, қазақ ауыз әдебиетін қайта жаңғырту мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді. Экспедициялық топтар аймақтың бірнеше аудандары – Қатон-Қарағай, Бесқарағай, Аягөз, Ұржар, Зайсан, Көкпекті, Шемонаиха төңіректерін аралап шықты.

Жиын соңында экспедицияға қатысқандар жинаған дүниелерін дөңгелек үстелге қатысқан қауым мен журналисттерге таныстырып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.