Жаңалықтар

ШЫҰ прокурорлары заңсыз шығарылған ақшаны қайтару мәселесін талқылады

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басқа елдермен сауда айналымындағы жыл сайынғы айырмашылық шамамен 675 миллиард АҚШ долларын құрайды.
ШЫҰ прокурорлары заңсыз шығарылған ақшаны қайтару мәселесін талқылады
Фото: gov.kz 23.09.2022 13:20 1118
Астанада заңсыз шығарылған қаражатты қайтаруға арналған Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер прокурорларының XX мерейтойлық жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz.

Отырыс барысында қылмыстық активтерді қайтаруға қатысты тәжірибе алмасу және озық тәжірибелер мен пробемалар талқыға түсіп жатыр. Іс-шараның қорытындысы бойынша ұрланған активтерді қайтару мәселелері бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасау және озық тәжірибемен алмасу жөніндегі басым міндеттерді айқындайтын отырыс хаттамасына қол қойылады деп күтілуде.

Халықаралық сарапшылардың деректері бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басқа елдермен сауда айналымындағы жыл сайынғы айырмашылық шамамен 675 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Бұл ақша ағындарының бір бөлігінің қылмыстық мақсаттарға, оның ішінде терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға бағытталуы жоққа шығарылмайды.

Осы тұрғыда Қазақстанның Бас Прокуроры қылмыстық капиталды елге қайтару туралы өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Атап айтқанда, ол әріптестерін Қазақстан Президентінің Жарлығымен құрылған, өзі басқаратын Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметі туралы хабардар етті.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға