Жаңалықтар

Швейцариялық концерн Қазақстанда инновациялық дәрі өндірісін ашпақ

Кездесуде Қазақстанда медицина ғылымын дамыту мәселесі де талқыланды.
Швейцариялық концерн Қазақстанда инновациялық дәрі өндірісін ашпақ
Фото: Ақорда 01.12.2022 17:28 1134

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық «Roche Holding AG» фармацевтикалық концернінің басқарма төрағасы Кристоф Францты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке елімізде қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісін ашу жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берілді.

Тиісті келісімге бүгін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен «Roche Holding AG» компаниясы арасында қол қойылды. Кристоф Франц Президентке қатерлі ісікті анықтаудың инновациялық тәсілдерін игеруге қатысты Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты.

Сонымен қатар келесі жылы компанияның қолдауымен Назарбаев Университеті Медицина мектебінің базасында жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға арналған зертханалық диагностикалық тренинг-орталығын ашу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ кездесуде Қазақстанда медицина ғылымын дамыту мәселесі де талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға