Жаңалықтар

Шұрық-тесікті жолды жөндеуге битум жетіспейді. Скляр қалай шешіп жатқанын айтты

Шұрық-тесікті жолды жөндеуге битум жетіспейді. Скляр қалай шешіп жатқанын айтты
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 27.07.2023 17:49 1111

Елде битумның жетіспеуі – бірнеше жылдан бері күн тәртібінен түспей тұрған мәселе. Осы жағдайға қатысты депутаттар Үкіметке сауал жолдаған еді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роамн Скляр жауап беріпті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы жылы тапшылықты болдырмау және жөндеу жұмыстарына ерте дайындалу мақсатында Үкімет битум өндірісін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдады. Мәселен, 4 зауыттың жол битумын өндірудің 2023 жылға арналған жоспары 1,2 миллион тоннадан асады, -дейді Роман Скляр.

Оның ішінде:

«CaspiBitum» БК» ЖШС – 500 мың тонна;

«Павлодар МХЗ» ЖШС –280 мың тонна;

 «QazaqBitum» ЖШС –360 мың тонна;

«Асфальтбетон-1» ЖШС – 72 мың тонна.

Ірі ресурс ұстаушылар – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

 «Petrosun» ЖШС және «Қаражанбасмұнай» АҚ  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ таратуына сәйкес жол – құрылыс компанияларына битум жөнелтуді жүргізеді. Сонымен қатар, биылғы жылдың 6 айында қазақстандық зауыттар жоспарлы 586,7 мың тонна жол битумының 343,9 тоннанасын өндірді,- дейді вице-премьер.

Ол битум өндірісін тежейтін негізгі себептерді тізіп шыққан:

 1) ЖҚК битумын жөнелту үшін өтінімдерді, төлемдерді және теміржол вагондарын беруді кешіктіру;

2) «Канисай» шекаралық т/ж өткелінде (Қостанай және Орск қалалары арасында) конвенциялық тыйым салу және тиісінше QazaqBitum және асфальтбетон мекен – жайына ресейлік гудрон-шикізаттың жеткіліксіз жеткізілуі.

Осыған байланысты, ішкі нарықты жол битумының қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетика министрліктері Ресей жол битумын жеткізуді жылына 100-ден 300 мың тоннаға дейін ұлғайту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Тиісті хаттамаға қол қойылды. Битумды жинақтау (қыс мезгілінде) және ең жоғары кезеңдерде пайдалану үшін елде жалпы сақтау көлемі 200 мың тоннадан асатын 40-қа жуық битум шұңқырлары жұмыс істейді, - дейді Роман Скляр.

Ол сондай-ақ QazaqBitum Ақтөбе, Алматы және Қарағанды қалаларында жалпы сақтау көлемі 90 мың тонна болатын терминалдық желіні салу жоспарлары шешілді деп отыр.

Биылғы жылы Ақтөбе, Алматы қалаларында терминалдар құрылысын бастау жоспарлануда. Қазіргі уақытта ЖСҚ және жер учаскелерін алуға тиісті құжаттар дайындалуда. Келесі жылы Қарағанды қаласында терминалдың құрылысы басталады. Бұдан басқа, ҚМК, ПМХЗ және CaspiBitum битумды сақтаудың арнайы резервуарлары бойынша жобаны іске асыру мәселесін пысықтауда. Бағаны ұстап тұру мақсатында ҚМГ мен Петросян битумды 115 мың теңге/тонна құны бойынша босатады. Сондай-ақ ең жоғары кезеңде бағаны 130 мың теңге/тоннадан аспайтын бағаны ұстап тұру туралы КБМ-мен уағдаластық бар, - дейді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұған дейін депутат битуммен қамтамасыз ету жыл өткен сайын күрделі проблемаға айналып барады.деген еді.

Бүгінгі күні автожол жобалары үшін жол битумына қажеттілік 1,1 миллион тоннаны, оның ішінде республикалық желі үшін 500 мың тоннаны және жергілікті желі үшін 600 мың тоннаны құрап отыр, - дейді Дүйсенбай Тұрғанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға