Жаңалықтар

Шұғыл! Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

Шұғыл! Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады
Фото: El.kz 16.04.2025 11:55 1013

Астана қаласының әуе кеңістігін уақытша жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес елордада 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.

Осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді, сондай-ақ әуе компания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді қажет:

Air Astana 

Алматы: + 7 (727) 244 44 77 

Астана: + 7 (7172) 58 44 77 

қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77 

SCAT +7 (7252) 99 88 80 

Qazaq Air +7 (727) 356 14 14 

FlyArystan +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)

Астана әуежайы +7 (7172) 702–999

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға