Шри-Ланканың жаңадан сайланған президенті ант қабылдады

Шри-Ланканың жаңа президенті Ранил Викремесингхе ант қабылдады, деп хабарлайды  El.kz.

– Президент Викремесингхе Шри-Ланка Жоғарғы сотының төрағасы Джаянта Джаясурияға ант берді, деп хабарлайды Adaderana жаңалықтар порталы.

Айта кетсек, Шри-Ланка президенті болып парламенттік дауыс беру қорытындысы бойынша елдің қазіргі премьер-министрі және мемлекет басшысының міндетін уақытша атқарушы Викремесингхе сайланды.

Ал алдындағы президент Готабая Раджапакса елдегі дүмпуден кейін қашуға мәжбүр болды. Ол өз отставкасы туралы өтінішті электронды пошта арқылы жолдады.


Оқи отырыңыз