t.me/shot_shot

Шри-Ланка қонақ үйлерінде екі метрлік жыландар қаптап кеткен

27.10.2025 21:13

Шри-Ланка қонақ үйлерінде жыландар қаптап кетті. Бұл туралы SHOT Telegram арнасына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Туристердің айтуынша, қонақ үй қызметкерлері екі метрлік жорғалаушыларды қууға асықпай, оларға аса мән бермей отыр.

Демалушылар соңғы уақытта жыландардың жабайы джунглиден тым алыс жерлерде, яғни адамдар көп жиналатын аймақтарда да жиі кездесіп жүргенін айтады.

Кейбір жыландар тіпті жағажай аумағына кіріп, демалушылардың шезлонгтарына жайғасып алатын болған.

Мамандардың пікірінше, суреттер мен бейнежазбаларда түсірілген бұл жорғалаушылар шығыс егеуқұйрық жыландары болуы мүмкін. Олар үлкен әрі қорқынышты көрінгенімен, улы емес және адамдарға қауіп төндірмейді.