ШҚО тұрғыны 7 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған
12.09.2023 10:14
Фото:
© Polisia.kz
ШҚО тұрғыны құны 50 миллион теңгені құрайтын 7 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, полиция қызметкерлері Омбы-Майқапшағай тас жолынын патрульдеу барысында облыс орталығының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы КамАЗ-ды тоқтатқан.
Көлікті тексеру кезінде ер адамның балық толтырылған 280-ден астам полиэтилен пакеттерін тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны белгілі болды. Жүргізушінің айтуынша, ол жүкті Өскеменге облыстағы ауылдардың бірінен тасымалдаған.
Күдіктінің салмағы 7 тоннадан асатын көксерке балықтарын қаптарға салып тасымалдағаны анықталды. Келтірілген шығын 50 миллион теңгеден астам. ҚР ҚК-нің 335-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

