Жаңалықтар

ШҚО тұрғындарына таулы жерлерге бармау қажеттігі ескертілді

ШҚО тұрғындарына таулы жерлерге бармау қажеттігі ескертілді
Фото: pixabay.com 11.03.2023 12:05 1461

Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде 13 наурызға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 11-13 наурыз аралығында өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, күннің күрт жылынуына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпауды ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға