ШҚО тасжолында төрт адам көз жұмды
03.01.2024 11:51
Фото:
instagram.com/eastkazpolice
Қайғылы оқиға 2 қаңтарда сағат 22:20 шамасында «Өскемен-Шемонаиха» автожолының 8-шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО ТЖД мәліметінше, Глубокое ауданының Уварово ауылы маңында «Toyota Corona Premio» және «Toyota Vista» маркалы екі автокөлік соқтығысқан. Салдарынан төрт адам, оның ішінде кәмелет жасына толмаған екі жасөспірім қаза тапқан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - делінген мәліметте.
Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларын белгіленген ережелерді қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, маневр жасамауға, сондай-ақ жол және ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

