ШҚО құтқарушылары су басқан жолдан тұрғындарды өткізіп жатыр
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
29.03.2024 13:45
Фото:
Видеодан кадр
Күршім ауданында Топтерек ауылынан 4 шақырым жерде қар қатты еру салдарынан, бұлақ үстіндегі көпірдің бетонды конструкцияларын шайып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖД күштерімен жолдың су басқан бөлігінде тұрғындарды қайықпен тасымалдау ұйымдастырылды. Соңғы екі күнде жергілікті тұрғындардан 60-тан астам адам тасымалданды.

