Жаңалықтар

ШҚО өрт сөндірушілері пиротехниканы сынады

ШҚО өрт сөндірушілері пиротехниканы сынады
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі 14.12.2022 13:53 1544

ШҚО ТЖД қызметкерлері жаңа жылдық эксперимент жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мамандар бенгал оттары мен петардаларды қолдана отырып, қауіпсіздік шараларын бұзудың қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Алдымен олар кілемнің қаншалықты тез жанатынын тексерді. Бенгал оттың ұшқыны өнімге түсіп, кілем бірден жанып кетті. Егер сіз оны уақытында байқамасаңыз, онда кішкентай болып көрінетін «оттық» жағдайды өртке әкелуі мүмкін. Линолеумнің жану процесі ұзағырақ болады, алайда ұзақ уақыт түтіндеп жанған кезде, өрттің болуы айқын.

«Бенгал оттарының ұшқындары суық болады, олардың температурасына тіпті қол да төтеп бере алады. Бірақ  қызыл түске дейін бенгал оттың өзегінің өзі қызуы мүмкін. Яғни, линолеумға салқындатылмаған өзек түсуі мүмкін, бұл жағдайда ол линолеумды күйдіріп, тіпті ол жанып кетуі мүмкін», - деп атап өтті ШҚО ТЖД мамандары.

«Бенгал оттары  ұшқындарының тұтану қабілеті аз, бірақ олар мүлдем қауіп төндірмейді деп айтуға болмайды. Бұл шамдарды жанғыш материалдарға – шыршаға, мақтаға, жылтыраққа жақындатпаңыз. Ал сапасыз өнімдер тіпті өрттің себебі болуы да мүмкін. Мысалы, жанып тұрған шлактың бөліктері өзектен үзіліп кетеді. Немесе жану температурасы Мемст-та қарастырылғаннан жоғары болғандықтан, шыбық қатты қызады. Егер мұндай жарықты бала ұстап тұрса, ол  күйіп кетуі мүмкін және оны жанғыш кілемге тастауы мүмкін», - деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Жаңа ғана жанып біткен бенгал отына  қол тигізу әрекеті ауыр күйікпен аяқталады.

Пиротехниканың әсерінен бөлшектерге бөлінген балалар ойыншығының көмегімен құтқарушылар нұсқауларды орындамау, сертификатталмаған отшашуларды қолдану қаншалықты қауіпті екенін анық көрсетті.

«Петардтың негізін жанғыш заттар мен тотықтырғыштардың жарылғыш қоспалары құрайды.Сондықтан бұл өнімдер пайдалану кезінде ерекше назар аударуды қажет етеді. Пиротехникалық өнімдердің көпшілігінде секундына 3-5 миллиметр жылдамдықпен жанатын ұзын, жіңішке фитиль бар. Қауіпті аймақтың радиусы 60 метр, «бомбалар» және бенгал оттары деп аталатындар да қауіпті, өзектің температурасы 2 мың градусқа дейін жетеді, әсіресе кілемге ұшқындар түссе, бұл өте қауіпті, оны біз экспериментте айқын көрсеттік», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД мамандары.

Сондай-ақ, өрт кезінде зақымдайтын фактор көзді ашытатын түтін екенін атап өту маңызды, бұл өрт кезінде жазатайым оқиғаларға әкеледі. ШҚО ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік мақсатында пиротехниканы пайдалану кезінде мынадай ережелерді сақтауға кеңес береді:

-  Нұсқаулықты оқыңыз

 - Ешқандай жағдайда балаларға отшашу сатпаңыз

 - Отшашу үшін дұрыс орынды таңдаңыз. Бұл үлкен ашық алаң немесе ағаштардан таза алаң болуы керек. 50 метр радиуста құрылыстар, тұрақтар, ғимараттар және басқа да өрт қауіпті объектілер болмауы тиіс.

- Өрт сөндірушілердің ұсыныстарын тыңдап, үй ішінде бенгал оттарын пайдаланудан бас тартқан дұрыс. Зымырандар мен отшашулармен бірге бенгал оттарын жерге немесе қарға жақсы бекітіп, қауіпсіз қашықтықтан көріністі тамашалай отырып, жандырыңыз. Бенгал оттарына қолы жеткен балаларды ересектердің бақылағаны жөн. Әйтпесе, өрт диванға да, жұмсақ ойыншыққа да, жастыққа да түсуі мүмкін – үлкен трагедиядан аулақ болу оңай болмайды.

- Отшашуды қатты жел кезінде жағуға тыйым салынады.

- Петардаларды адамдарға, жануарларға және көліктерге лақтыруға қатаң тыйым салынады.

 - Іске қосылмай қалған элементтер мен өнімдердің үстінен су құйыңыз.

Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін ШҚО ТЖД мамандары полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп облыс нарықтарында профилактикалық рейдтер жүргізеді.

Пиротехниканы рұқсат құжаттарынсыз өткізетін бұзушылар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға