Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында КАМАЗ маркалы газ тасығыш жүк көлігі өртенді. Оқиға Северная көшесіндегі газ құю станциясының аумағында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, жүк автомобилінің моторлы бөлігі және кабинасы жанған.
Өрт сөндірушілер жоғары жылу әсері жағдайында жұмыс істеуге арналған арнайы жылу шағылыстырғыш костюмдерді киіп, қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, отпен күресіп жатыр. Қызыл жалын оқшауланды.
Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы жұмыс істеуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

