ШҚО-да жүк көлігі жарылып, екі адам қаза тапты
19.11.2024 19:32
Фото:
Видеодан кадр
Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен – Самар тасжолының 75-шақырымында жарылғыш зат тиелген VOLVO жүк көлігі жарылды. Оқиға Асубұлақ ауылына жақын маңда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ПД мәліметінше, жүк тасымалдайтын көлік Самар ауданындағы тау-кен жұмыстарына арналған жарылғыш заттарды жеткізіп бара жатқан. Оқиға кезінде жүргізуші мен жолаушы қаза тапты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу жұмыстары Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

