Жаңалықтар

ШҚО-да жолаушылар мінген халықаралық автобус қар құрсауынан шығарылды

ШҚО-да жолаушылар мінген халықаралық автобус қар құрсауынан шығарылды
Фото: Видеодан алынған кадр 10.02.2024 02:14 754

Жолшылардың көмегінің арқасында Ресейден келе жатқан 25 жолаушысы бар халықаралық автобус қар құрсауынан аман-есен шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Ресейден келе жатқан халықаралық жолаушылар автобусы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы шекарасының ортасында қар құрсауында қалған.

Тез арада жүргізушілер мен жолаушыларға «ҚазАвтоЖол» ШҚО филиалының жол қызметкерлері көмек қолын созды. Жолшылар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауында қалған автобус пен қатар бірнеше көліктерді аман алып шықты. Артынша жол қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Ресей Федерациясының шекарасынан Қазақстан шекарасына дейін автоколонна ұйымдастырылды, - делінген мәліметте.

Жолаушылар автобусы жүргізушісінің айтуынша, олар Новосібір (РФ) - Өскемен бағыты бойынша жүрген. Автобуста 25 жолаушы болған, оның ішінде бір бала бар.

Ал қар құрсауынан құтқарылған өзге көліктерде 15 адам болған.

Республикалық маңызы бар «Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолында көлік қозғалысына шектеу енгізілгендіктен барлық көліктерді Шемонаиха қаласына дейін жол қызметкерлері арнайы сүйемелдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға