t.me/POLICE_of_KZ

ШҚО-да жол апатынан үш адам көз жұмды

09.07.2023 19:05

ШҚО-да бір күнде адам өліміне әкелген екі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 9 шілде күні сағат 11:50 шамасында Омбы – Майқапшағай тас жолының 1247-шақырымында Кенсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала көз жұмды.

Сонымен қатар сағат 13:30 шамасында Өскемен - Рахман қайнарлары тас жолының 53 шақырымында жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты, тағы бірнеше жолаушы дене жарақатын алған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ?? Усть-Каменогорск|Oskemen (@oskemenlive)

Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көліктеріңіздің жарамдылығын бақылауға алуға шақырады.