Видеодан кадр

ШҚО-да жеке тұрғын үй өртенді

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға Рабочая көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Төтеншеліктердің мәліметінше, жеке тұрғын үйдің шатыры, сондай-ақ шаруашылық құрылыстар блогы отқа оранған. Қызыл жалын 124 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт дер кезінде сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.