ШҚО-да жанармай стансасында болған жарылыстан екі адам күйіп қалды
22.06.2023 16:15
Фото:
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында жарылыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, 22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында жарылыс болған.
Оның салдарынан өрт шығып, 5 техника өртеніп кетті. Сағат 14:44-те жалын оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді. Тұрғын үй мен орман қорына қауіп жоқ. Отты сөндіруге 5 автокөлік пен 12 адам жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, Қызылорда қаласында тұрғын үйдің бірінен өрт шығып, 38 жастағы азаматты күйік шалған болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

