Жаңалықтар

ШҚО-да жалған хабарлама берген оқушының ата-анасы жауапқа тартылады

ШҚО-да жалған хабарлама берген оқушының ата-анасы жауапқа тартылады
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 26.01.2024 22:21 998

Әлеуметтік желіледегі танымал трендті қайталамақ болған шығысқазақстандық жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасөспірім полицияға қоңырау шалып, мектепке бомба салынғаны туралы хабарлаған. Абоненттік нөмірдің иесі 12 жасар орта мектеп оқушысы болып шықты. Оның телефонынан сыныптасы танымал әлеуметтік желілердің трендтерін қайталауға шешім қабылдап, полицияға хабарласқан.

Қазіргі уақытта балаға қатысты материал кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияның қарауына берілді. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарға әкімшілік айыппұл салынады.

Полиция департаменті қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарын ескере отырып, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те көзделгенін қаперге салып отыр. Баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға