Жаңалықтар

ШҚО-да зейнеткер әйел мұздың астына түсіп кетіп, мерт болды

Оқиға Бұқтырма су қоймасында орын алған
ШҚО-да зейнеткер әйел мұздың астына түсіп кетіп, мерт болды
Фото: inform.kz 07.12.2022 06:37 1198

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында жолаушылар мінген жеңіл автокөлік суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға облысқа қарасты Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында болған. Қызыл ту өткелі маңында 5 жолаушысы бар көлік суға батып, салдарынан 1950 жылы туған әйел адам мерт болды.

Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы барды.

Қайғылы жайт орын алған жерде мұз айдынына шығуға тыйым салынатыны туралы белгі қойылған.  

Кез келген су айдынындағы мұздың қалыңдығы біркелкі емес. Жағалауға, қамыс пен өсімдік жамылғысының айналасына қар жиналады. Автокөліктердің қауіпсіз өтуі үшін мұз жамылғысының қалыңдығы – кем дегенде 30 см, жүк көлігі үшін автомобильдің салмағына байланысты 70 см-ден кем болмауы керек, - деп ескертті министрліктің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға