ШҚО-да ТЖМ әскерилері су тасқынына қарсы жұмыс жүргізіп жатыр
22.03.2025 14:10
Фото:
Видеодан кадр
Алтай ауданында биыл жауған қардың көп мөлшері себебінен қар тазалау және шығару жұмыстары күшейтілген тәртіпте жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Техника жетпейтін жерлерде бұл жұмыстарды көмекке келген ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің жеке құрамы жүргізуде.
Бүгінгі күні еріген судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін әскерилер Алтай қаласы, Зубовск кенті және Тұрғысын ауылында 9 су өткізгіш құрылысты, 2380 м арықтарды тазартты.
Оған қоса, ауданның ТЖ басқармасының қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп, жауынгерлер су тасқыны кезеңі және ондағы тәртіп ережелері туралы ескертіп, халықпен нұсқаулық өткізуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

