Жаңалықтар

ШҚО-да шенеуніктер заңсыз әрекеттері үшін сотталды

ШҚО-да шенеуніктер заңсыз әрекеттері үшін сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 23.07.2024 17:35 424

ШҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, Шығыс Қазақстан облыстық соты биылғы 12 шілдеде облыстың Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Б.Нұралиев пен оның орынбасары А.Тұрақбаевқа қатысты үкім шығарды.

Олар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және кенді салмақ параметрлерінен асыра тасымалдау жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп танылды, бұл мемлекетке 63 млн теңге сомасында залал келтіруге әкеп соқты. Сот үкімімен Б.Нұралиев пен А.Тұрақбаевқа мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - делінген мәліметте.

Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға