ШҚО-да «Қазселденқорғау» филиалының басшысы сотталды
28.05.2025 12:11
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
«Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының №2 сотымен «Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы С.Станбековке қатысты үкім жарияланды.
Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - делінген мәліметте.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

