Жаңалықтар

ШҚО-да қайығы аударылып қалған екі балықшы құтқарылды

ШҚО-да қайығы аударылып қалған екі балықшы құтқарылды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі 13.11.2023 01:01 782

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында қайығы аударылып қалған екі балықшы құтқарылды. Бұл туралы Kazinform-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданы Бұқтырма су қоймасындағы «Қызыл ту» паром өткелінің жанында 57 және 67 жастағы екі балықшы қайықпен келе жатқан. Кенет қатты соққан желдің салдарынан резеңке қайықтары аударылып қалды. 

Жақын жерде болған паром қызметкерлері, басқарушы Қадылбек Жармұхамбетов, капитан Серік Дүкетаев, механик Александр Устинов, моторист Каһарман Әбікенов, матрос Людмила Кроюкова және электрик Оқасов Құдайберген құтқарушылар келгенге дейін балықшыларға құтқару шеңберін лақтырып, судан алып шықты. Ер адамдарға медициналық көмек қажет болмады. Жағалауға жеткеннен кейін олар жеке көліктерімен Алтай қаласына бағыт алды, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға