ШҚО-да қар көшкіні жүрді. Жолшылар учаскені тазартып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.
Ұлттық оператордың хабарлауынша, 8 наурыз күні сағат 13.00 шамасында республикалық маңыздағы «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 62 шақырымында қар көшкіні өздігінен түсті. Қар көшкінінің параметрлері: ұзындығы - 4 м, ені-3 м, биіктігі – 1 м.
«Зардап шеккендер жоқ. Республикалық күре жол ашық. Учаскеде қозғалыс бір жолақ бойымен ұйымдастырылды»,-делінген хабарламада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

