ШҚО-да притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды
31.10.2023 15:47
Фото:
видеодан алынған кадр
ШҚО-да притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Интимдік қызмет көрсететін бойжеткендер ұйымдастырушыға түскен соманың 50%-ын беріп отырған. Жедел-іздестіру іс шараларын өткізу барысында полицейлер жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырған және ұстаған деген күдікпен Өскемен қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстаған.
Оның тыйым салынған электрондық сайтта қыздардың ер адамдарға интимдік қызмет көрсету туралы сауалнамалар орналастырғаны анықталды. Жеңгетай барлық тапсырыстарды өзі қабылдаған, клиенттерді жалдамалы пәтерлердегі бос қыздарға жіберген. Қыздар әр мәміледен кейін түскен ақшаның 50%-ын беріп отырған.
ШҚО ПД ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

