ҚР ТЖМ

ШҚО-да нәресте ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде тасымалданды

15.09.2025 02:28

ШҚО-да «Қазавиақұтқару» тікұшағы Зайсан – Өскемен бағыты бойынша санитарлық рейсті орындады. Сәбиге шұғыл медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ТЖМ мәліметінше, операцияны «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Сергей Пинигин мен Бауыржан Бөтенбаев санитарлық авиация дәрігерлері Рафаиль Халитов және Бек Асаубаевпен бірлесіп орындады. Ұшу сәтті өтті.

Бала медициналық мекемеге жеткізілді.