ШҚО-да көлік толықтай жанып кетті
![ШҚО-да көлік толықтай жанып кетті ШҚО-да көлік толықтай жанып кетті](/storage/storage/element/2024/06/30/mainphoto/110379/1200xauto_Cw2kpbNiIOZbt4AWWFTQbhUCZDt8rsVqbvZocwCg.jpg)
Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd
Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd
01.07.2024 04:15
430
30 маусым күні Өскемен-Алтай тас жолында көлік өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО ТЖД құтқарушылары оқиға орнына жедел жеткен. Белгілі болғандай, қызыл жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыған.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 4 шаршы метр алаңда отты сөндірді. Қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, салон қаптамасы, аспаптар панелі, автомобиль дөңгелектерінің тысы жанып кеткен, - делінген мәліметте.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, автокөлік салонында өрт сөндіргіштің болуын еске салады.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)