ШҚО-да ішімдік ішіп көлік басқарған әкім жол апатына ұшырады
02.11.2023 17:31
Фото:
© Pixabay.com
Шығыс Қазақстан облысында ішімдік ішіп шыққан ауыл әкімі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 1 қарашада болған. Алтай ауданындағы ауылдардың бірінің әкімі қызметтік Chevrolet Niva көлігімен ауладағы тұрақта тұрған ВАЗ 21099 көлігіне барып соқтығысқан. Жол-көлік апаты Алтай қаласында болған.
Сот материалы бойынша, тәртіп бұзушы өз кінәсін мойындап, жол апаты кезінде масаң күйде болғанын растады.
Сот жаза ретінде оны 20 тәулікке қамап, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

