Жаңалықтар

ШҚО-да есірткі сақтау бойынша 10 жылға сотталған азаматтар апелляциялық сотпен ақталып шықты

ШҚО-да есірткі сақтау бойынша 10 жылға сотталған азаматтар апелляциялық сотпен ақталып шықты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 17.11.2024 16:19 345

Шығыс Қазақстан облысында есірткі сақтағаны үшін 10 жылға сотталған екі адам апелляциялық шағым түсіріп, ақталып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Бұған дейін П. есімді ер адам мен И. есімді әйел ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі мен психотроптық заттарды өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотталған болатын. 

Оларға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда айыпталушылар бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. 

Пәтер мен гаражды тінту кезінде тергеушінің қасында куәгерлер болмаған. Яғни, психотроптық заттар табылған кезде тергеуші іште жалғыз болып, өз әрекеттерін бейнекамераға түсірмеген. Сондай-ақ сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардан П. мен И.-дің биологиялық іздері табылмады, - делінген ақпаратта. 

Сондықтан апелляциялық сот айыпталушылардың кінәсі дәлелденбеді деп танып, оларды ақтап шығарды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға