ШҚО-да екі балықшы суға кетті
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
18.11.2024 15:33
378
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында балық аулап жүрген екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Бұқтырма су қоймасындағы Торанғы шығанағында болған. 31 және 38 жастағы екі ер адам балық аулап жүргенде қайықпен аударылып қалып, суға батып кетті. Сүңгуір-құтқарушылар іздеу жұмыстарына кірісті. Көп ұзамай балықшылардың денелері табылып, судан шығарылды. Оларда құтқару кеудешелері болған жоқ.
Құтқарушылар балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Қайықта болған кезде міндетті түрде құтқару кеудешелерін кию керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға