Жаңалықтар

ШҚО-да бүлдіршін балабақша терезесінен құлап кетті

ШҚО-да бүлдіршін балабақша терезесінен құлап кетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 26.07.2023 10:45 1047

Шығыс Қазақстан облысында бүлдіршін балабақшаның екінші қабатындағы терезеден құлап кеткеннен кейін тәрбиеші жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Аталған оқиға 11 шілдеде Алтай қаласындағы балабақшалардың бірінде орын алды. Бұған қатысты Алтай аудандық білім бөлімі пікір білдірді.

Қызметтік тексеріс бавсында анықталғандай, балалар ұйықтайтын уақытта тәрбиеші құжаттарды басып шығару үшін топтан шығып кеткен. Сол кезде топта тәрбиешінің көмекшісі бөлмені жинап жатқан. Өкінішке қарай, қызметкер баланың қалай оянып, өз бетімен дәретханаға барғанын естімеген. Артынша оқыс оқиға болған, - деді аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ольга Рогожина.

Бала ауруханаға жатқызылып, бір аптадан кейін үйіне шығарылды. Медициналық қорытындыға сәйкес, биіктен құлау салдарынан баланың денесінде көгерген жарақаттар болған.

Міндетін тиісінше орындамағаны үшін тәрбиеші жұмыстан босатылды, оның көмекшісіне қатаң сөгіс жарияланды, - деді О. Рогожина.

Зардап шеккен баланың ата-анасының балабақшаға ешқандай талап қоймаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға