Жаңалықтар

ШҚО-да биыл 63 бала қызылша жұқтырды

ШҚО-да биыл 63 бала қызылша жұқтырды
Фото: © Shutterstock.com 12.11.2023 16:43 726

Шығыс Қазақстан облысында биыл 63 бала қызылша жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңір бойынша жыл басынан бері қызылша жұқтырған 74 адам тіркелгенін мәлімдеді. Ауырғандардың басым бөлігі, нақты айтқанда 85,1%-ы 14 жасқа дейінгі балалар (63 жағдай).

Науқастардың 81,1%-ы қызылшаға қарсы вакцина салдырмаған. Оның ішінде 17 пациент жоспарлы вакцинация жасына жетпесе, 16 адамда медициналық қарсы көрсетілімдер болды. Ал 23 адам вакцина салдырудан өз еркімен бас тартса, 4 адам екпе алу мүмкіндігін өткізіп алған, - дейді басқарма басшысы Қанат Тұрдиев.

Жүргізілген эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде 17,6% немесе 13 адамның қызылшаны Алматы, Атырау қалаларында, Түркия және Тәжікстан елдерінде жұқтырғаны анықталды.

Науқастармен байланыста болған 68 адамға қызылшаға қарсы екпе егілді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 31 бала бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға