Жаңалықтар

ШҚО-да алаяқ танысын 115 млн теңгеге алдап кеткен

ШҚО-да алаяқ танысын 115 млн теңгеге алдап кеткен
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ 27.05.2024 15:43 558

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны танысын алдап, 115 млн теңгеге пайда көрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полиция қызметкерлеріне хабарласқан азамат алаяқтың құрбаны болғанын айтқан.

Ол өз сөзінде осыдан 4 жыл бұрын танысының «кәсіпкерлік үшін қажет» деп өзінен ірі мөлшерде қаражат алғанын жеткізді. 

Ер адам жәбірленушіге әртүрлі бизнес түрлерімен айналысқысы келетінін, яғни, қайта сату үшін автомобильдер, металл өндіру үшін экскаватор сатып алатынын алға тартқан. Одан бөлек, азық-түлік жеткізетін фирманы, оны пайдалану үшін қымбат шетелдік машинаны алатынын айтқан. Осылайша, оның толықтай сеніміне кіріп, 115 млн теңгеге жуық ақшасын алған, - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні ұстады. 

Ол бұрын сотталған және қазір осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан 39 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты. Полицейлер тергеу амалдарын жалғастыруда, - деп жазылған ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға