Жаңалықтар

ШҚО әкімі Даниал Ахметов ораза ұстаудың артықшылығы жайлы айтты

ШҚО әкімі Даниал Ахметов ораза ұстаудың артықшылығы жайлы айтты
Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official 13.04.2023 10:05 947

ШҚО әкімі Даниал Ахметов ораза ұстаудың артықшылықтары мен Ораза кезінде адам ағзасында болатын өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz.

Даниал Ахметовтің өзі ораза ұстайды.  

«2016 жылы Нобель сыйлығының лауреаты мұсылман оразасының  пайдасын дәлелдеп шықты. Ораза кезінде адам ағзасы тазарады. Жапон ғалымдары интервалды ашығу ағзаның қартаюын тежейтінін айтады», – деді Даниал Ахметов.

Тілшілердің «тығыз жұмыс кестесімен ораза ұстау қаншалықты қиын?» деген сауалына әкім ешқандай да қиындықтың жоқтығын алға тартты.

«Бәрі жақсы әрі оңай өтіп жатыр. Ораза ұстаған адамның ой-өрісі мен сезімі өзгеріп, ағзасы жаңарады», – деді өңір басшысы.

Қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түні болса, Ораза айт 21 сәуірге тура келіп тұр.

Бұған дейін Ораза кезінде қалай тамақтану керек деген сауалға жауап іздеп көргенбіз. Сонымен қатар имамнан ораза кезінде ауыз бекіту ережелерін анықтадық. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға