Жаңалықтар

ШҚО әкімдігі су тасқынына қатысты жалған ақпаратқа түсініктеме берді

ШҚО әкімдігі су тасқынына қатысты жалған ақпаратқа  түсініктеме берді
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 03.05.2024 07:27 852

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Алтай ауданында бірнеше үйдің ауласын су басты деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін бірқатар БАҚ-та Алтай ауданына қарасты 5 үй мен 24 үйдің ауласын "су басқандығы" туралы ақпарат тарады және бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда облыста су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Біріншісіне қардың көп еруі, екіншісіне тау өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі себеп болды. Бірінші және екінші толқын кезінде тұрғын үйлердің ауласына су енгендігі туралы хабарланған болатын. Алайда су тасқынына қарсы алдын-алу шараларының арқасында материалдық және адам шығыны тіркелмеді. Үшінші толқынға жауын-шашынның мол түсуі себеп болды. Осыған байланысты облыстың үш ауданында саяжай учаскелері мен үйлердің ауласына су кірді. Мәселен, Алтай ауданында Бұқтырма өзенінің деңгейінің көтерілуіне байланысты үй маңындағы аумақтарға су енген. Тұрғындар үшін уақытша орналастыру пункттері алдын ала дайындалды, алайда халық өз еркімен эвакуациядан бас тартып, туыстарына уақытша орналастырылды, - деп жазылған ШҚО әкімдігі таратқан мәліметте. 

Сондай-ақ, әкімдік Коробиха ауылында Коробиха өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су тұрғын үй аумағына енбей, көше бойындағы транзит арқылы өтіп, дәл қазір өзендегі су деңгейі төмендегенін атады. 

Глубокое ауданында Үлбі өзенінің деңгейінің көтерілуіне байланысты 2 мамырға қараған түні бірнеше саяжай учаскелерінің ауласын су басты. Қарғын су тұрғын үйлерге залал әкелмеді. Үй маңындағы бақша арқылы транзитпен өткен. Белгілі болғандай, тәулік ішінде өзен суының деңгейі төмендеді. Қазіргі уақытта ТЖД, ТЖМ №68303 әскери бөлімінің және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен жоғарыда аталған аудандарда судан тазарту, суды бұру сияқты жұмыстар жүргізілуде. Су тасқыны қаупі бар барлық елді мекендердегі жағдай бақылауға алынды, - деді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға