Шотландиядағы шамшырақтан 132 жыл бұрын жазылған бөтелкедегі хат табылды
31.10.2025 17:10
Фото:
Focus
Шотландияның оңтүстігіндегі Райнс-оф-Галлоуэй түбегінде орналасқан Корсволл шамшырағының қабырғасының астынан 132 жыл бұрын жазылған хат салынған бөтелке табылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
BBC ақпарат агенттігі хабарлағандай, көлемі шамамен 20 сантиметр болатын бөтелкені Солтүстік маяктар басқармасының механикалық инженері Росс Рассел маякты тексеру кезінде тапқан.
Бөтелкенің ішінде 1892 жылдың 4 қыркүйегінде жазылған хат болған. Онда жаңа жарық шамын орнатқан үш инженердің және маяктың үш қараушысының есімдері қауырсын мен сия арқылы жазылған.
Мамандардың айтуынша, бұл - Шотландиядағы маяктардың тарихында табылған алғашқы бөтелкедегі хат.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

