Жаңалықтар

Шошқаға бөлінген қаржы жылқыдан 40 есе көп пе

Шошқаға бөлінген қаржы жылқыдан 40 есе көп пе
Фото: t.me/mazhilis_kz 31.01.2024 13:55 4704

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Премьер-Министр Ә.Смаиловқа қызық депутаттық сауал жолдады. Біз сізге ең әсерлі сәттерді ұсынамыз.

«Жылқыға субсидия беру мәселесін үкімет қайта қарауы тиіс. Бұған дейін ауыл шаруашылығында құс тұқымдарына дейін, тіпті шошқаға да  субсидия болды, ал төрт түліктің төресі жылқыға мардымды субсидия болған жоқ.  2023 жылы - жылқы шаруашылығына бар болғаны 52,9 млн. теңге бөлінсе, шошқа шаруашылығына - 2,1 млрд. теңге бөлінген, яғни, 40 еседей көп...
 
2024 жылдың  1 қаңтарынан бастап күшіне енген мал шаруашылығын субсидиялау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді субсидиялау төтенше жағдай жарияланған немесе гидрометеорологиялық қызмет растаған өңірде мал азығын дайындауға теріс әсер еткен ауа райының қалыптан тыс жағдайлары басталған кезде ғана беріледі.  

Сонда қалай, шаруалар субсидия алу үшін ауа-райы қашан бұзылады деп аспанға қарап отыруы қажет пе?» - деді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға