Шорт-тректен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жарыс жолын аяқтады
14.03.2025 19:26
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Шорт-тректен Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатында аралас командалық эстафетаның (2000 м) ширек-финалдары аяқталды. Өкінішке қарай, командалық эстафетада қазақстандық спортшылардың жолы болмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Канада, АҚШ, Жапониямен бірге жарысқан Қазақстан құрамасы жартылай финалға шыға алмады. Команда сапында Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Яна Хан және Алина Әжғалиева өнер көрсетті.
Жарысты Нидерланды, Италия, Канада, АҚШ командалары жалғастырады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

