Шорт-тректен әлем чемпионаты: Әділ Ғалиахметов жетінші орынды иеленді
16.03.2025 14:58
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық шорт-трекші Әділ Ғалиахметов Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы 1000 метр қашықтықтағы шешуші жарыста ел намысын қорғады.
Ғалиахметов жарысты жетінші болып аяқтады. Бірінші орынды канадалық Стивен Дюбуа иеленді. Екінші орын тағы бір канадалық Уильям Данджинуға бұйырды. Қола медальді италиялық Пьетро Сигель жеңіп алды.
Айта кетейік, бір күн бұрын Денис Никиша 500 метр қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы эстафетада төртінші орынға ие болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

