Жаңалықтар

Шизофрения туралы 7 миф

Шизофрения туралы 7 миф
Фото: © Pixabay.com 16.01.2024 14:47 3380

Шизофрения – кең таралған психикалық ауру. Адамның ойлау жүйесіне әсер ететін, тұлға ретінде қалпын жоғалтуға итермелейтін созылмалы дерт туралы қоғам арасында кереғар пікірлер бар.

1. Шизофрения — бұл адамның екіге жарылуы

Шизофрения тұлғаның екіге бөлінуі (ол психологияда диссоциативті бұзылыс деп аталады) деп ойлайтындар қателеседі. Нақтысы – сананың ажырауы.

Бұл ауруда адамның екінші «мені» пайда болмайды. Ол өзін тұтас сезінеді. Алайда, көзі ашықтығына қарамай миын өзге ғаламшарлық келіп басқарып тұр деп ойлауы мүмкін. Немесе қатты жақсы көретін туысы бірнеше жылдан бері тамағына у қосып жүр деп есептейді. Шизофрениямен ауыратындарда логикалық байланыс бұзылады, сол себепті бір-біріне қарама-қайшы келетін идеялар туындап жатады.

2. Шизофрениямен ауыратындар өте қауіпті

Бұл стереотип те қате. Негізінде олар шешім шығара алмайды және селқос келеді. Ол ілгеріде айтқан логикалық байланыстың бұзылуымен тікелей байланысты. Ауыратын адам тіпті агрессивті жоспар құруға да жарамайды. Бұл олардың (барлығымыз) ашу үстінде адам сенгісіз іс-әрекетке баруын жоққа шығармайды. Алайда бұл шизофренияға қатысы жоқ, алкоголь, есірткі немесе терең психологиялық жарақатпен байланысты уақытша эпизодтар.

3. Шизофрения қатты стрестен туындауы мүмкін

Шизофренияның дамуына бірнеше факторлар әсер етеді. Атап айтқанда:

- генетикалық бейімділік;

- вирустардың ықпалы;

- мидың жеке ерекшелігі және дамуында пайда болған кедергілер;

- туылғанға дейін қоректің жетіспеушілігі;

- туу кезіндегі проблемалар;

- психикалық-әлеуметтік факторлар.

4. Шизофрения ұрпақтан-ұрпаққа беріледі

Бұл ауруда да генетикадан берілмейді деп толық сызып тастай алмаймыз. Бірақ ол да қатып қалған қағида емес екенін ұмытпайық.

Кейбір жағдайда науқастың отбасында, арғы аталарында да психикалық аурумен мүлде ауырмаған болуы мүмкін. Немесе керісінше, отбасының бірнеше мүшесі осы дертке шалдықса да, кей адамдарды айналып өтеді. Зерттеушілер ген мен оның комбинациясында шизофренияның дамуына алып келетін ерекшеліктері болады деген пікірде. Десе де, осы бұызылысты тудыратын нақты ген жоқ.

5. Шизофрениямен ауыратындар басқа адамдармен салыстырғанда ақымақ келеді

Бұл дертке шалдыққандарда логикас не есте сақтау қабілетімен проблемалар бар. Осыған байланысты классикалық IQ оларда төмен де шығар. Алайда, интеллекттің түрі көп, олар кейбір «ақылдылардың» өзін орнына қойып жатады. Мысалы, математик, экономист Джон Форбс Нэшті, суретші Винсент Ван Гогты, фантаст-жазушы Филип К. Дикті ерекше атап өтуге болады. Олардың жетістікке жетуіне диагноздары ешқандай кедегі келтірмеген.

6. Шизофрениямен ауыратындар жалқау және жағымсыз

Расымен, шизофренияға шалдыққандардың арасында гигиенасына жауап бере алмайтындар табылады. Бірақ, бұл олардың барлығы да жалқау дегенді білдірмейді. Кейде дені сау адамдарға қалыпты көрінген кейбір әрекеттерде оларға көмек керек болатыны бар.

7. Шизофрения жазылмайды

Шынында шизофренияға қарсы ешқандай дәрі жоқ. Алайда терапиялық және әртүрлі дәрілермен емдейтін әдістер бар. WebMD медициналық басылымның мәліметінше, дұрыс әрі заманауи терапиядан өткенде шизофренияға шалдыққандардың 25%-ы толық жазылады. Ал 50%-ның жағдайы тұрақталып, қалыпты өмір сүре алатын дәрежеге жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға