Жаңалықтар

Шілденің үшінші жексенбісі – металлургтер күні

Шілденің үшінші жексенбісі – металлургтер күні
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 21.07.2024 09:11 599

Бүгін Қазақстан металлургтері кәсіби мерекелерін атап өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1957 жылдың 28 қыркүйегінде КСРО экономикасының қалпына келуіне ықпал еткен кеңестік металлургиялық өнеркәсіпке құрмет ретінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Металлург күнін бекітті. Ол шілде айының үшінші жексенбісінде атап өтілді.

КСРО тарағаннан кейін мереке металлургия ел экономикасында сүбелі рөл ойнайтын ТМД-ның барлық елдерінде сақталып қалды.

Қазақстанда Металлург күні 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлыққа сәйкес атап өтіледі.

Металлургия - (грек сөзіне аударғанда- метал өңдеймін)- ғылымның , техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сонда-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы. Металлургия- түсті және қара , галламды, өте жоғары температурада (2000-20000 К)өтетін плазмалы және лазермен өңделетін Металлургия болып ажыратылады: орындалатын процестерге байланысты пирометаллургия және гидрометаллургияға бөлінеді.

Қара металлургия - Металлургияның ғылымы мен техникасының қара металдар өндіруде кен шикізатын қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын, ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т.б.өнімдерді алуға дейін қамтитын саласы. Қазақстан қара металлургиясының байлығы мен болашағы - темір кендері. Оның негізгі қорлары Қостанай, Қарағанды және Жезқазған облыстарында шоғырланған.Қара металл шикізатының базасы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты мен Лисаковск комбинатында өндіріледі.

Түсті металлургия - кен шикізаттарын өндіру мен өңдеуден бастап, дайын өнім алуға дейінгі түсті металдармен олардың қорытпалары өндірісін қамтиды.

Галламды металлургия - су ерітінділерінен галламдарды химиялық жолмен қалпына келтіру арқылы металдар мен олардың қосылыстарын алу процестерін зерттейді. Металлургияның бұл саласы дүниежүзінде алғаш рет Қазақстанда 1960 жылдан бері жасалады.

Плазма металл бетін тазалауда және әр түрлі беттерді металмен қаптау технологиясында, термоядролық зерттеулерде, плазма химиясында, т.б. қолданылады.

Қазақстанда Металлургия саласы бойынша « Металлургия және кен байыту институты», Химия-металлургия институты, Қазақ ҰТУ нәтижелі табыстарға қол жеткізіп келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға