freepik.com

Шілдеде үш жұлдызнама белгісінің қалтасы қалыңдайды

30.06.2025 13:45

Танымал астролог Тамара Глоба 2025 жылдың шілдесінде үш жұлдызнама белгісіне молшылық пен жаңа мүмкіндіктер келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Finratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Астрологтың айтуынша, шілде айы кейбір жұлдыз жорамал белгілері үшін оңай болмайды. Десе де, үш белгі үшін бұл уақыт табыс пен тұрақтылыққа бастайтын кезеңге айналуы мүмкін. Ең бастысы – сәтті кезеңдерді жіберіп алмай, белсенділік таныту керек.

Егіздер үшін шілде – өсу мен өрлеу кезеңі. Тамара Глоба оларға өз шекарасынан шығып, жаңа міндеттерден қорықпауға кеңес береді. Бұл уақытта қызметте жоғарылау, сыйақы алу немесе жаңа лауазымға көтерілу мүмкіндігі артады.

Мергендер үшін онлайн салада табыс табуға жол ашылады. Шілде – блог ашуға, әлеуметтік желілерді дамытуға немесе жаңа онлайн-жобаны бастауға таптырмас уақыт.

Тауешкілерге жылжымайтын мүлікке мән берген жөн. Үй немесе жер сатып алу не сату, сондай-ақ жерге инвестиция салу – бәрі табысты болуы ықтимал. Алайда бастысы – әрекет ету.

Астрологтың сөзінше, егіздерге, мергендерге және тауешкілерге шілде айы мол мүмкіндік әкелуі мүмкін. Бірақ нәтиже тек сәттілікке ғана емес, сонымен қатар ішкі сенім мен белсенділікке байланысты болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін американдық ғалымдардың пайымдауынша, астрологияға сенім көбіне білім деңгейі төмен адамдар арасында кездесетіні жайлы жазған едік.