Жаңалықтар

Шілде айында 2,5 млн-нан астам қазақстандық несие алған

Шілде айында 2,5 млн-нан астам қазақстандық несие алған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 23.08.2023 12:24 1001

Қарызға батқан қазақстандықтардың саны артты. Шілдеде 2 жарым миллионнан аса отандасымыз несие алған. Бұл небәрі бір айдағы ғана көрсеткіш, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Берілген қарыз көлемі де рекорд жаңартып, алғаш рет 1 жарым триллион теңгеге жетіп отыр. Бұл маусым айымен салыстырғанда 200 миллиард теңгеге артық.

Несие алуға астаналықтар мен алматылықтар айрықша мұқтаж екен. Әсіресе соңғы айда автонесиені рәсімдегендер көп. Темір тұлпар тақымдаған 18 мыңға жуық азамат банкке 143 миллиард теңге берешек.

Содан кейін кепілсіз тұтынушы несиелерге сұраныс жоғары. Яғни, 2 млн адам банктен триллион теңгені ақшалай алған. Сондай-ақ айлыққа дейін деп, микроқаржы ұйымына жүгінгендер көбейген. Кепілсіз, бірақ пайызы жоғары қарызды көбіне жастар алатын көрінеді. Яғни, 170 мың теңгеге дейін алынған қарыз көлемі көп.

Ал ипотекаға баспана рәсімдегендер саны биыл төмендепті. Жалпы халықтың екінші деңгейдегі банктерге берешегі – 17 трлн теңге. Борышкерлердің 20 пайызға жуығы төлем уақытын 90 күнге кешіктірген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға