Жаңалықтар

Шетелге саяхаттанғанда алаяқтарға алданып қалмас үшін не істеу керек...

Шетелге саяхаттанғанда алаяқтарға алданып қалмас үшін не істеу керек...
Фото: © Pixabay.com 28.07.2023 19:38 907

Демалыс деген жақсы ғой. Оны алдын ала жоспарлап, баратын елді, демалатын жерді таңдаудың өзі көңілге қуаныш сыйлайды. Дегенмен бүгінгідей оңай ақша тапқысы келетін алаяқтар көбейген уақытта, сақтық шараларын қолданбасаңыз, жоспарыңыздың күл-талқаны шығуы оп-оңай. Сондықтан демалыс ойдағыдай өтіп, ешкімге алданып қалмас үшін мына кеңестерге құлақ асыңыз.

Fingramota.kz дайын турларды сатып алу кезінде де сақ болуды, тек тексерілген сайттармен ғана жұмыс істеу керектігін ескертеді.

Авиабилеттерді сатып алу кезіндегі алаяқтық

Алаяқтар фишингтік сайт жасап, яғни кез келген танымал веб-ресурсты толығымен қайталайтын сайт және үлкен жеңілдікпен броньдау туралы хабарландыру орналастырады. Сенімдірек болу үшін бағыттың түбіртегі поштаңызға да келуі мүмкін. Тиімді ұсыныстарға ұмтылу кезінде азаматтар қырағылығын жоғалтады. Мұндайда өз деректерін, әсіресе карта деректемелерін енгізіп, кибершабуылға тап болып жатады, оның салдары қалтаңызда көк тиын қалмауына себеп болуы әбден мүмкін.

Аса әккі алаяқтар нағыз билеттің өзін сатады және оны сіз тексергеннен кейін бірден жояды, себебі билеттің түпнұсқалығына екі рет көз жеткізу ешкімнің ойына келмейді ғой. Билеттің жарамды екеніне көз жеткізу үшін авиакомпанияға қоңырау шалу қажет.

Қонақ үйді броньдау кезіндегі алаяқтық

Алаяқтар өздерінің сату арналарының бар екені туралы жалған ақпарат таратып, турлар сатып алу, төмен бағада жалдау туралы ұсыныстар жасай отырып, әлеуетті сатып алушыларды әлеуметтік желілердегі жалған аккаунттар арқылы тартады. Бір қарағанда, барлығы шынайы сияқты көрініп, күдік тудырмауы мүмкін. Төлем жасауға арналған сілтемелер танымал туристік агенттіктердің атынан келеді, алайда төлем жасағаннан кейін картадан ақша есептен шығарылып, ал жауап ретінде техникалық ақау туралы хабарлама келеді.

Сондай-ақ көбіне саяхатшылар қонақ үйлерді Airbnb немесе Booking.com жалдамалы баспана мен қонақ үйлердің агрегаторлары арқылы өздері броньдап жатады. Ондайда сілтеме арқылы басқа сайтқа ауысып кетпегеніңізге көз жеткізіңіз. URL-мекенжайдың жазылуына мән беріңіз, ол HTTPS-тен басталуы тиіс және сол жағында жабық құлпының суреті болуы керек. Жақсы жазылған пікірлерге сенбеңіз – олар да сенімді саяхатшыларды алдау тәсілі болуы мүмкін.      

Ақша айырбастау

Саяхаттың алдында теңгені өзіңіз баратын елдің валютасына айырбастап алыңыз, бұл ретте ұсақ купюралар түрінде айырбастаған жөн. Егер сіз мұны алдын ала жасап үлгермесңіз, онда елге келгеннен кейін онда бағам аса тиімді болмайтын туристік орындар, вокзалдар, әуежайлардан алыс жерлерде орналасқан банктерден немесе ресми пункттерден валюта сатып алыңыз. Айырбастаудың алдында валюталар таблосындағы ағымдағы бағамды және өзіңіздің қанша ақша ала алатыныңызды міндетті түрде тексеріңіз.

Такси қызметі

Саяхатшылар такси жүргізушілеріне сеніп қалып, көбіне бірінші болып ұсынылған айырбастау бекеттеріне баруы мүмкін. Күмән тудыратын айырбастау бекеттеріне бармауға тырысыңыз. Рұқсат құжаттары немесе лицензиясы жоқ алаяқтар бұған дейін операциялық касса жұмыс істеген үй-жайды жалға алып, жалған айырбастау бекеттерін ашып жатады. Операция жүргізетін «қызметкер» валюта айырбастау кезінде ақшаны алғаннан кейін купюроны қайта санау үшін қажет деп түсіндіріп, бір кассаны жауып, үй-жайдан қосалқы есік арқылы шығып кетуі мүмкін.

Қоғамдық Wi-Fi және жанаспа төлемді пайдалану кезіндегі алаяқтық

Интернетте ақша операцияларын жүзеге асыру кезінде өз құрылғыңызды пайдаланып, қоғамдық компьютерлерге деректерді енгізбегеніңіз дұрыс. Кибералаяқтар үшін мұндай желі арқылы деректерді «қағып» алу ешқандай қиындық тудырмайды.

Бүгінгі күні смартфондар мен планшеттерді, сондай-ақ фитнес-білезіктерді пайдаланушылардың арасында NFC технологиясының танымалдылығы жоғары. NFC технологиясы бар смартфондарға банктік шотты немесе кредиттік картаны байлауға болады, бұл қаскүнемдерді одан сайын қызықтыра түседі. Киберқылмыскерлер пайдаланушылардың ақша қаражатын ұрлау үшін NFC осалдылығын пайдалана отырып, азаматтардың шоттарындағы ақшаны ұрлайды. «Bump and infect» әдісін көбіне сауда орталықтары, супермаркеттер, әуежайлар, кафе және т.б. сияқты орындарда пайдаланып жатады.

Шетелге шығатын бөлек – виртуалды немесе цифрлық карта ашыңыз. Оны өз мобильді банкингіңіз арқылы қажеттілігіне қарай басқа шоттан толтырыңыз. Оны мейманханаларға бронь қою үшін пайдаланып, мейрамханалар мен дүкендерде төлеңіз немесе интернетте сауданы тек осы карта арқылы жасаңыз. Өз шотыңыз бойынша операцияларды қадағалау үшін картаңызға SMS немесе push-хабарламаны қостырыңыз. Электрондық поштаңызға туристік оператордан немесе мейманханадан деген атаумен SMS немесе хабар түрінде келіп түсуі мүмкін күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға