Еңбек министрлігінде әзірленген Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы аясында Қазақстанда бағалы дағдылар мен инвесторлар үшін визалардың жаңа түрлері енгізіледі.
– Тұруға ықтиярхаты бар «Бағалы дағдыларға арналған виза» Қазақстан үшін жиі тартылатын және сонымен бір мезгілде тапшы мамандықтар бойынша үздік шетелдік мамандар үшін енгізілетін болады. Бұл кәсіби мамандардың міндеті – білім трансфері және өндірісте жұмыс істейтін қазақстандықтарды даярлау.
Белгілі бір мамандарға қажеттілікті анықтау үшін бағалы дағдылар рейтингі жасалып, үнемі жаңартылып отырады.
– «Инвестициялық виза» Қазақстан экономикасына бір мезгілде 300 мың АҚШ долларынан бастап инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге берілетін болады. Құжат аясында шетелдік кәсіпкерге 10 жыл тұруға рұқсат беру құқығы, сондай-ақ виза иесіне бизнесті тіркеу, меншікті иелену және қаржылық операцияларды жүргізу мүмкіндігі беріледі.