Жаңалықтар

Шетелдік көлікті сатып алғаныңызды растай алсаңыз, бағасын арзандатуға болады

Мамандардың айтуына қарағанда, алыпсатарлар люкс көліктерінің құнын да төмендетуге тырысып отыр.
Шетелдік көлікті сатып алғаныңызды растай алсаңыз, бағасын арзандатуға болады
19.07.2022 05:39 1622

Осыған дейін бірқатар алматылық бизнес өкілдері көліктердің бағасы туралы ақпаратпен келіспейтінін білдірген, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті тұрақты негізде көлік құралдарының импортын маркалары, үлгілері, әкелінетін елдері, баға диапазондары тұрғысынан талдайды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін МКК-ның интернет-ресурстарында баға туралы ақпарат жарияланады – делінген комитеттің түсіндірмесінде.

Сонымен қатар, сайтта кедендік төлемдердің ставкаларын қараудың қосымша мүмкіндігі бар. Бұл негізінен азаматтарға кедендік төлемдер сомасын алдын-ала есептеуге мүмкіндік береді.

Алайда, бірқатар кәсіпкер немесе делдалдар кедендік құнын төмендетіп, бюджет кірісінің көлеміне тікелей әсер етуде. Биыл 1164 көліктің құны 300-ден 3000 долларға дейін декларацияланбақ болған – дейді комитет мамандары.

Олар осыған қатысты бірнеше мысал келтірді.

Грузиядан әкелінген 2020 жылғы Toyota Camry. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кедендік рәсімдеу кезінде 1300-ден 17500 долларына дейінгі диапазондағы бағаны мәлімдеген, орташа мәлімделген баға 11000 доллар. Грузиядағы автомобильдерді сату сайтында (autopapa.ge) осыған ұқсас тәуір көліктер 20000-нан 27000 долларға дейін бағаланады. Жарамсыз көліктердің құны 12000-18000 доллар аралығында – дейді мамандар.

Мамандардың айтуына қарағанда, алыпсатарлар люкс көліктерінің құнын да төмендетуге тырысып отыр.

2021 жылғы Mercedes Benz AMG G63 - $8500, 2021 жылғы Toyota Land Cruiser 300 - $15000, 2021 жылғы LEXUS RX 450H - $4500 көлемінде баға көрсетілген. 2022 жылдың І жартыжылдығында көлік құралдарының барлық құнын 53 миллион доллар кемітіп көрсеткені анықталды, олардан 6,5 миллиард теңге қосымша кедендік баждар мен салық алынды – дейді комитет.

Сонымен қатар кірістер комитеті «егер автокөлік иелері көлікті сатып алғанын растайтын құжаттарды ұсынса, онда кедендік рәсімдеу декларацияда көрсетілген құн бойынша жүзеге асырылады» - деді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға