Шетелдік танымал басылым Шымбұлақ тау шаңғы курортын ерекше тізімге қосты
17.01.2024 03:31
Фото:
Туризм және спорт министрлігі
Шымбұлақ тау шаңғы курортының туристік әлеуеті аңызға айналған журналдың итальяндық басылымында қысқы спорт түрлерін ұнататындар арасында әлемдегі міндетті түрде баруы керек таңдаулы бестікке енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл тізімде қазақстандық курортпен қатар Исландиядағы Тролль түбегі, Аляскадағы Денали тауы, Грузиядағы Казбеги және Жапониядағы Зао тау шаңғы курорты бар.
Алматы қаласынан жарты сағаттық жерде орналасқан Шымбұлақ тау шаңғы курорты керемет атмосфера мен заманауи жайлылыққа ие, - деп жазған басылым.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Wanderlust журналының топ-24 рейтингіне енсе, Алматы New York Times нұсқасы бойынша 2024 жылы баруға тұрарлық 52 орын тізіміне кірген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

