Жаңалықтар

Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндетті болады

Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндетті болады
Фото: t.me/KZgovernment 14.01.2025 11:04 222

Сауда және интеграция министрлігінің басшылығы шетелдік онлайн-дүкендердың қызметін қайта қарау бастамасын көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, ведомство басшысы Арман Шакқалиев шетелдік маркетплейстерді тіркеу бойынша электрондық платформаны енгізуді ұсынады. Бұдан басқа, олар үшін тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салықтық және кедендік ашықтық жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарлануда.

Мұндай шараларды қабылдауға сатушылары Қазақстанның юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік онлайн-сауда алаңдарына азаматтардың шағымдарының көбеюі себеп болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға