Шетелдік азаматтар енді Қазақстанда жыл бойы тұра алады
08.04.2025 10:37
Фото:
t.me/KZgovernment
Үкімет отырысында туризм және спорт министрі былтырғы жылдың соңында шетелдік азаматтарға арналған Neo Nomad визасы енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство басшысының айтуынша, бұл шетелдік азаматтарға Қазақстанда жыл бойы тұруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта визаны Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы ғана рәсімдеуге болады. Рәсімді оңайлату мақсатында оны визалық көші-қон порталы арқылы электронды форматта рәсімдеу мүмкіндігін енгізу ұсынылады, – деді Ербол Мырзабосынов.
Министр мақсатты аудиторияға бағдарлана отырып, Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресурстары арқылы осы виза туралы хабардар етуді күшейту қажеттігін тілге тиек етті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

